Адам құқықтары жөніндегі бюро мен «Халықаралық құқықтық бастаманың» жұмысы 3 айға тоқтатылды

Бюро директоры Евгений Жовтис бұған сайлау, Беларусьтегі жағдай мен Навальный кейсі әсер етуі мүмкін дейді


26/01/2021
10:28 47027 0

Алматы Әуезов ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстандағы адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро мен «Халықаралық құқықтық бастама» қорының жұмысын үш айға тоқтатып, айыппұл салды. 

 

Бюроның қызметі 15 сәуірге дейін тоқтатылып, ұйым 2 миллиондай теңге төлеуге міндеттелді. Ондағы құқық қорғаушылар шешімге апелляциялық шағым түсірмекші

 

Ал «Халықаралық құқықтық бастама» 1,1 миллион теңгедей айыппұл төлейді

 

Бюро директоры, құқық қорғаушы Евгений Жовтис бұл жағдайды үкіметтік емес ұйымдарға қысым деп есептейді. 

 

— Бізден басқа «Халықаралық құқықтық бастама» мен «Эхо» ұйымдарына да шектеу қойылды. Сондықтан бұл ешқандай да салық заңнамасын бұзу емес, кампания, таза саяси жағдай. Бізге қысым көрсетіліп жатыр. 

 

Сайлау алдында да (10 қаңтрада өткен Мәжіліс және мәслихат сайлау — ред.) салық органдарының қысымына ұшыраған едік. Бұл сайлау бәсекелеске толы өтті деп мойындалмады, бұған дейін басталған Беларусьтегі ахуал мен Ресейдегі Навальный кейсі — мұның бәрі біздің жұмысызды шектеуге себеп болып отыр. Бұл бюро 1993 жылдан бері көрген ең үлкен қысым болды, — деді Жовтис ҚазТАГ-қа. 

 

«Халықаралық құқықтық бастама» қорының басшысы Айман Шорманбаева да шешімді жою үшін шағым түсіретінін хабарлады

 

7 қарашада бірқатар үкіметтік емес ұйымдар салық органдарынан қысым көріп жатқанын хабарлаған еді. Құқық қорғаушылар мұны Мәжіліс пен мәслихат сайлауға қатысы бар деді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/01/2021 10:28
47027 0

Уведомление